Екібастұздық бүлдіршіндер «Күн шуақты көңіл-күй» квестін өткізді

Павлодар облысы, Екібастұз «Самғау» балалар шығармашылық орталығының аумағында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Күн шуақты көңіл-күй іздеуде» атты қалалық квест өтті.

Бүлдіршіндер спорттық және танымдық бекеттерден өтіп, қызықты тапсырмаларды орындады, жұмбақтар шешіп, ептілік, тапқырлық және командалық бірліктерін көрсетті. Ойын барысында олар бір-біріне қолдау көрсетіп, бірге мақсатқа жетудің маңызын сезінді.

Квест «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, «Адал Азамат» және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамалары аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен өзара сыйластық құндылықтарын нығайту.

Жарқын әсерге толы мерекелік күн бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жазғы демалыстың есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий