Жаздың жарқын сәттері – «Жас дәуренде»!

Жаз – балалықтың ең әдемі мезгілі. Әр күн – жаңа әсер, әр сәт – ұмытылмас естелік. Осындай шаттыққа толы күндер Павлодар обылсы, Баянауыл ауданы «Жас дәурен» облыстық оқу-сауықтыру орталығында жалғасуда.

Табиғаттың ғажайып әлеміне саяхат жасаған демалушылар Қоңырәулие үңгірінің тылсым тарихымен танысып, Найзатас пен Кемпіртастың аңызға толы сырын білді. Әулиебұлақ пен Сарыадыр бұлақтарының мөлдір суынан дәм татып, Баянауыл ұлттық паркінің қайталанбас табиғатын тамашалады. Ал Сабындыкөл жағасындағы сауықтыру және спорттық шаралар балаларға сергектік, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.

«Жас дәурен» – бұл жай ғана лагерь емес. Бұл – жаңа достар табатын, өз қабілетіңді ашатын, арманыңа қанат бітіретін, балалық шақтың ең бақытты сәттері сақталатын ерекше мекен.

«Біртұтас тәрбие: Адал азамат» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған бағдарлама балалардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытып, салауатты өмір салты мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтуға бағытталған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий