Жаздың жарқын сәттері – «Жас дәуренде»

Жаз – балалықтың ең әдемі мезгілі. Әр күн – жаңа әсер, әр сәт – ұмытылмас естелік. Осындай шаттыққа толы күндер Павлодар облысы, Баянауыл ауданы «Жас дәурен» облыстық оқу-сауықтыру орталығында жалғасуда.

Табиғаттың ғажайып әлеміне саяхат жасаған демалушылар Қоңырәулие үңгірінің тылсым тарихымен танысып, Найзатас пен Кемпіртастың аңызға толы сырын білді. Әулиебұлақ пен Сарыадыр бұлақтарының мөлдір суынан дәм татып, Баянауыл ұлттық паркінің қайталанбас табиғатын тамашалады. Ал Сабындыкөл жағасындағы сауықтыру және спорттық шаралар балаларға сергектік, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.

– Жаз мезгіліндегі басты мақсатымыз – балалардың демалысын мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде ұйымдастыру. «Біртұтас тәрбие: Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өткізілетін жұмыстар балалардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған, – дейді орталық басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Диас Нұртай.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий