Павлодар оқушысы халықаралық биология олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды
Павлодарлық оқушы әлемдік деңгейдегі беделді білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетті.
Литваның Вильнюс қаласында өткен 37-ші Халықаралық биология олимпиадасының (IBO) қорытындысы бойынша Павлодар қаласындағы ер балаларға арналған «Білім – Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Қайыркен Ерұлтан күміс медаль иеленді.
2026 жылғы 12–19 шілде аралығында ұйымдастырылған олимпиадаға әлемнің 80-нен астам елінен ең үздік жас биологтар қатысты. Қатысушылар теориялық білімдерімен қатар, күрделі зертханалық және эксперименттік тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің ғылыми дайындығын дәлелдеді.
Павлодар оқушысының бұл жетістігі – табандылықтың, сапалы білімнің және жүйелі еңбектің нәтижесі. Жас дарынды халықаралық жеңісімен құттықтаймыз және алдағы ғылыми жолында жаңа белестер тілейміз!
Загрузка...