«Жас дәурендегі» бір күн — жүз әсер, мың естелік!

Жазғы демалыс тек тынығу емес, ол — жаңа достар табатын, қабілетіңді ашатын, өмірлік дағдыларды қалыптастыратын ерекше кезең. Осындай жарқын күндер Павлодар облысының «Жас дәурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығында жалғасуда.

Биылғы маусымда өңірдің түкпір-түкпірінен келген 200 оқушы жазғы демалысын мазмұнды әрі белсенді өткізуде. Таңғы сергіту жаттығуынан басталатын күн экологиялық акциялармен, шығармашылық шеберлік сабақтарымен, танымдық кездесулермен және қызықты саяхаттармен жалғасады.

«Жас дәуренде» әр бала өз қабілетін шыңдап, өнерін көрсетіп, жаңа белестерге қадам басады. Ал кешкі мерекелік бағдарламалар, достыққа толы «Шамшырақ» кездесулері мен көңілді дискотекалар лагерь өмірін ерекше әсерге бөлейді.

Табиғат аясындағы демалыс, қызықты шаралар, жаңа достар және жарқын эмоциялар — мұның бәрі балалардың жүрегінде ұзақ сақталатын жазғы естелікке айналуда.

 «Жас дәурен» — әр күнді мерекеге, әр сәтті бақытқа айналдыратын мекен!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий