Баянауылдың жасыл сақшылары: 100 оқушы туған өлкені көркейтуде

Маусымнан тамыз айына дейін Павлодар облысы, Баянауыл ауданының 100-ге жуық оқушысы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының құрамында еңбек етуде. Жас өрендер ұлттық табиғи парк аумағы мен ауданның көрікті жерлерінің тазалығын сақтауға, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсене қатысып, туған өлкенің табиғатын қорғауға өз үлестерін қосуда.


«Жасыл ел» бағдарламасы оқушылардың жазғы демалысын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға мүмкіндік беруде. Еңбек жасағына қатысқан жасөспірімдер өз еңбегі арқылы қосымша табыс тауып қана қоймай, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиеленуде.

Туған жердің көркеюіне атсалысып жүрген жастардың еңбегі – табиғатқа деген сүйіспеншілік пен азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий