Екібастұзда болашақ инженерлер тәрбиеленуде

Павлодар облысы, Екібастұздағы №16 мектептің «Ашық әлем» жазғы лагерінде ерекше робототехника байқауы өтті.

Инженерлік челлендждің басты кейіпкері – «Гүл» роботы болды.
Бірдей бөлшектер жиынтығын алған оқушылар уақытпен санаспай, робот құрастырып, техникалық шешімдер іздеп, механизмдердің жұмысын сынады. Бір-біріне қолдау көрсеткен жас өнертапқыштар үшін лагерь нағыз инженерлік шеберханаға айналды.

«Гүл» роботының байқаудың символына айналуы да тегін емес. Биылғы жазда Екібастұзда тек гүлдер ғана емес, оқушылардың робототехникаға, инженерлік шығармашылыққа және заманауи технологияларға деген қызығушылығы да қанат жайып келеді.

Осындай жобалар балалардың техникалық ойлауын дамытып, шығармашылық қабілетін шыңдап, болашақ инженерлік мамандықтарға алғашқы қадам жасауына жол ашады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий