Павлодар оқушылары Қарқаралы төрінде топ жарды!
Павлодар облыстық Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Қарқаралы қаласында өткен «QARQARALY–2026» спорттық бағдарлау жарысында жарқын жеңістерге қол жеткізді.
Спорттық бағдарлау – тек жылдамдық пен төзімділікті ғана емес, сонымен қатар дәлдік, тапқырлық және санаулы сәтте шешім қабылдай білуді талап ететін ерекше спорт түрі. Еліміздің үздік спортшылары бас қосқан байрақты бәсекеде павлодарлық жас өрендер өздерінің жоғары дайындықтарын, қайсарлықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Жас спортшыларымыз қажырлы еңбек пен табандылықтың әрдайым биік белестерге жетелейтінін дәлелдеп, өңір намысын абыроймен қорғады.
Жарыс қорытындысы:
Жалпы есеп:
* Дарья Виткова – I орын
* Милана Колесникова – I орын
* Анастасия Комлева – II орын
Спринт:
* Милана Колесникова – I орын
* Дарья Виткова – III орын
* Михаил Лоскутников – III орын
Орта қашықтық:
* Дарья Виткова – I орын
* Милана Колесникова – II орын
* Колева – III орын
Эстафета:
* Дарья Виткова – II орын
* Милана Колесникова – II орын
Павлодарлық жас спортшылардың бұл жетістігі – табанды еңбектің, жүйелі дайындықтың және жаттықтырушылардың кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі.
Жеңімпаздарымыз бен олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алда алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз мол болсын!
Загрузка...
