Екібастұздың әр ауласында – мереке

Павлодар облысы Екібастұз өңірінде жазғы демалыс қызықты әрі мазмұнды жалғасуда. Балалар үшін ұйымдастырылған шаралар лагерьлер мен шығармашылық алаңдармен ғана шектелмей, қала аулаларында да қанат жаюда. «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің аула клубтары жас жеткіншектерге өз үйлерінің маңында жарқын әсер мен ұмытылмас сәттер сыйлап келеді.

«Біздің аулада» атты спорттық-ойын бағдарламасы бұл жолы «Жігер» аула клубында ұйымдастырылды. Шараға 60-қа жуық бала қатысып, көңілді эстафеталар мен командалық сайыстарда бақ сынады. Доп, секіртпе және кегли қолданылған ойындар балалардың қызығушылығын арттырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сайыс барысында қатысушылар ептілік пен шапшаңдықтарын, төзімділік пен тапқырлықтарын танытып қана қоймай, достық пен өзара қолдаудың маңызын сезінді. Бір сәтке қарапайым аула қуанышқа толы үлкен алаңға айналып, балалар күлкісі мен шаттыққа бөленді.

Аула клубтарының басты артықшылығы – олардың балаларға жақын болуы. Бұл әрбір балаға жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Себебі нағыз достық, қызықты ойындар мен жарқын естеліктер кейде дәл өз аулаңнан басталады.
«Қайнар» кешенінің аула клубтарындағы жазғы маусым жалғасуда. Ал Екібастұздың аулалары күн сайын балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйіне толып келеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий