Тарихқа тағзым, руханиятқа жол
Жазғы демалысты таным мен тағылымға ұластырған Павлодар облысының баянауылдық ұстаздар Түркістан мен Ташкентке сапар шегіп, түркі әлемінің қасиетті мекендерін аралап қайтты.
Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің педагогтері Отырардың бай тарихымен танысып, Арыстан баб кесенесіне тағзым етті. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Домалақ ана кесенесі мен Ақмешіт үңгірін тамашалап, ұлттық руханияттың терең тамырын сезінді.
Танымдық сапар көршілес Өзбекстанның астанасы Ташкентте жалғасып, ұстаздар қазақтың кемеңгер биі Төле бидің кесенесіне арнайы барып, тағзым жасады.
Бұл – жай ғана демалыс емес. Бұл – тарихи жадыны жаңғыртып, рухани құндылықтарды дәріптеуге, болашақ ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруге бағытталған тағылымды сапар.
Өйткені тарихын таныған ұстаз ғана ұрпағына ұлт рухын сіңіре алады.
Загрузка...
