Шәкәрім университеті: Тағам технологиясы – сұранысқа ие мамандық

Азық-түлік өндірісі – жай ғана тағам дайындау емес. Бұл – ғылым, технология және адам денсаулығына деген жауапкершілік тоғысқан маңызды сала. Күн сайын тұтынатын әрбір сапалы өнімнің артында оны зерттеген, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен, тағамдық құндылығын сақтап, өндіріс технологиясын жетілдірген кәсіби маман тұрады. Сол маманның бірі болу – өз қолыңда, – деп хабарлайды Шәкәрім университетінің медиа орталығы инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Егер сен химия мен биологияға қызығатын, жаңа технологияларды меңгергің келетін, өндірісте жұмыс істеп, халықтың денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосуды армандайтын болсаң, онда Шәкәрім университетіндегі 6В07202 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы – сенің дұрыс таңдауың.

Мұнда сен: азық-түлік өнімдерін өндірудің заманауи технологияларын меңгересің; тағам сапасы мен қауіпсіздігін бағалауды үйренесің; өндірістік зертханаларда тәжірибе жинақтайсың; сұранысқа ие технолог ретінде кәсіби жолыңды бастайсың. Бүгінгі таңда азық-түлік өнеркәсібі – қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық салалардың бірі. Сондықтан білікті технологтарға деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий