Топыраққа нәр берген жас эколог

Жазғы демалысты әркім әртүрлі өткізеді. Ал Павлодар облысы, Май ауданы Қаратерек орта мектебінің 9-сынып оқушысы Құсман Зере үшін бұл мезгіл – табиғатпен үндесіп, экологиялық бастамаларды жүзеге асыратын ерекше уақыт.

Жас зерттеуші отбасымен бірге «Старатель» тұқымды шылаушындардың көмегімен табиғи биогумус өндіріп, оны бақшадағы өнімді молайтуға пайдаланып келеді. Нәтижесінде экологиялық таза әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік туып отыр.

«Табиғатқа жанашырлық – өз үйіңнен басталады», – деген ұстанымды берік ұстанған Зере экология саласына қызығушылығын нақты іспен дәлелдеп жүр.

Оның еңбегі жоғары бағаланып, 2025 жылы «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауында І орын иеленді.

Құсман Зере – табиғатқа деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық пен ізденістің жарқын үлгісі. Осындай жас буынның бастамалары еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосары сөзсіз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий