Балалар күлкісі – жаздың ең әсем үні!
Павлодар облысы, Май ауданында жазғы демалыс балалар үшін ерекше қуанышқа толы кезеңге айналды. Биыл ауданның 24 оқушысы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалуға мүмкіндік алып, ұмытылмас әсерлер мен жаңа достарға кенелді.
Жомарт жандардың қамқорлығының арқасында Ақшиман негізгі мектебінің екі оқушысы Көкшетаудағы «Чайка» лагеріне жол тартса, Малайсары орта мектебінің он оқушысы Бурабайдағы «IQanat» лагерінде демалуда. Ал ата-аналардың қолдауымен тағы 12 оқушы Баянауылдағы «Жасдәурен» сауықтыру лагерінде жазғы демалыстарын мазмұнды өткізді.
Табиғат аясындағы демалыс, қызықты экскурсиялар, спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сағаттары мен жаңа достық – мұның бәрі балалардың есте қаларлық жазғы естеліктеріне айналды.
Осындай игі іске қолдау білдірген демеушілер мен ата-аналардың жанашырлығы – балаларға жасалған ең қымбат сый. Себебі әрбір бақытты балалық шақ – жарқын болашақтың бастауы.
Загрузка...
