ЖАҢА Star» студиясының әншісі халықаралық байқауда Бас жүлдені жеңіп алды
2026 жылғы 26 шілдеде Астана қаласында өткен «BALA SHABYTY» халықаралық байқау жобасында Павлодар облыстық М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «ЖАҢА Star» вокалдық студиясының жеке орындаушысы Злата Браун өнер көрсетті.
«Эстрадалық вокал» номинациясында «На заре» әнін орындаған жас әнші қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, байқаудың ең жоғары марапаты – Бас жүлдені (Гран-при) жеңіп алды.
Сонымен қатар Злата 2026 жылғы 25 қазанда Әзербайжанның Баку қаласында өтетін «BALA SHABYTY» халықаралық фестиваль-байқауына тегін қатысуға мүмкіндік беретін арнайы сертификатпен марапатталды.
Жеңімпаздың жетекшісі – педагог Зейнеп Қайратқызы Ельшибаева.
– «Мен Златаның жеңісіне еш күмәнданған жоқпын. Ол – өте еңбекқор, талантты шәкірт. Бұл – оның алғашқы жеңісі емес. Шығармашылық жолының басында тұрған Златаны әлі талай үлкен сахна мен жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенемін», – дейді ұстазы.
Злата Браун мен жетекшісі Зейнеп Қайратқызын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық байқауларда да ел намысын абыроймен қорғап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.
Загрузка...
