Қазақстандық оқушылар «Үлкен сын-тегеуріндер» халықаралық ғылыми-технологиялық бағдарламасына қатысты
«Сириус» федералдық аумағында жүзеге асырылатын «Үлкен сын-тегеуріндер» халықаралық ғылыми-технологиялық бағдарламасына алғаш рет Қазақстаннан оқушылар қатысты.
Қазақстандық оқушылардың бағдарламаға қатысуы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Талант және табыс» білім беру қоры арасындағы ынтымақтастықтың дамуы нәтижесінде мүмкін болды.
Бағдарламаға Қазақстан атынан:
• Маржан Бақытжан – Алматы қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №56 гимназияның оқушысы;
• Малика Арынова – Алматы қаласындағы №48 лицейдің оқушысы;
• Назима Худайбергенова – Алматы қаласындағы №131 лицейдің оқушысы;
• Ақжол Қадырхан – Алматы қаласындағы №131 лицейдің оқушысы;
• Полина Кравченко – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле» жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы қатысты.
Бағдарлама аясында оқушылар жетекші ғылыми ұйымдар мен индустриялық компаниялардың ғалымдары және мамандарымен бірге нақты ғылыми және инженерлік міндеттерді шешумен айналысты. Жалпы 11 ғылыми-технологиялық бағыт бойынша 76 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында жасанды интеллект, жаңа материалдар, медицина, экология және басқа да перспективалы бағыттар бар.
Бағдарламаның ерекшелігі – қатысушылардың ғылыми ұйымдар мен технологиялық компаниялар ұсынған нақты міндеттерді орындауы. Мұндай формат оқушылардың зерттеушілік тәжірибе жинақтауына, жобалық жұмыс дағдыларын дамытуына және заманауи ғылыми әзірлемелермен танысуына мүмкіндік береді.
Осындай халықаралық бағдарламаларға қатысу оқушылардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және ғылым мен технология саласындағы дарынды жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Загрузка...