Мейірім – жүректен басталатын ізгілік
Жаңа оқу жылы қарсаңында Павлодар облысы Аққулы ауданының білім беру ұйымдарының педагогтері дәстүрлі «Мейірімді қолдар» қайырымдылық акциясына белсене қатысып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға мектеп формасы, оқу құралдары мен кеңсе тауарларын табыстады.
Бұл – жай ғана сыйлық емес. Бұл – баланың ертеңіне деген сенім, оның жүзіндегі шат күлкі, мектепке деген құлшынысы. Әрбір табысталған сөмке мен дәптердің, мектеп формасының астарында ұстаздардың кең жүрегі, шынайы қамқорлығы мен адамгершілікке толы ниеті жатыр.
Ұстаздың ұлылығы тек білім берумен өлшенбейді. Ол – қиын сәтте қолдау көрсетіп, үміт сыйлап, әр баланың арманына қанат бітіре алатын жан. Аққулы ауданының педагогтері осы игі істері арқылы мейірімнің ең асыл құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осындай ортақ ізгілікке ата-аналар, демеушілер мен ауыл тұрғындарының да атсалысуы – қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың айқын көрінісі.
Загрузка...
