Экологиялық мәдениет – қоршаған орта мен қала тазалығын сақтаудан басталады
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында елордадағы ұстаздар саябағында экологиялық жиын ұйымдастырылып, осы шараға қатысқан жергілікті еңбек жасақтарының сарбаздары осы аумақтың арамшөптерін жұлумен қатар қоқыстан тазартқан болатын. Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, бұл акцияның басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын дамыту және қала тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару.
Байқоңыр ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрислам Батырбектің сөзіне сүйенсек, бұл кезекті басқосу аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. – «Жасыл ел» еңбек жасағының жетпіске жуық мүшесі бұл сенбілікке белсенді түрде қатысып, жалпыхалықтық шараға үлестерін қосты. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұдайы ұйымдастырыла бастағаны баршамызға белгілі, – деді ол.
– Ұстаздар саябағы – аудан тұрғындары жиі келетін қоғамдық демалыс орындарының бірі. Сондықтан бұл аумақтардың тазалығы тұрғындардың жайлылығы мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Біздің ұстанымымыз – саябақты абаттандырумен қатар жастардың бойында еңбекқорлықты, табиғатқа жанашырлықты және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруды көздейді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM School мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, «Жасыл ел» еңбек жасағының белсендісі Диана Ермағанбет табиғатты қорғау әр азаматтың міндеті екенін жеткізді.
– «Жасыл ел» жасағында мен былтыр да еңбек еттім. Табиғатқа және туған қалама пайда тигізгенді ұнатамын. Бұл қоғамдық ортада жаңа достар тауып, жақсы ұжыммен жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Табиғатты таза ұстау – қоқыс тастамаудан басталады. Табиғат та біз сияқты. Көшелердің ластануы оған да зиянын тигізеді. Күн сайын қаланы тазалайтын қызметкерлердің еңбегін бағалап, сейілге шыққанда немесе көшеде жүргенде қоқыс қалдырмауға, айналаны бүлдірмеуге шақырамын, – деді ол.
№58 «Өркен» балабақшасында «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» «Таза Қазақстан» және «Қамқор» республикалық жобалары аясында «Таза Қазақстан – мейірімді жүрек» тақырыбында экологиялық тәрбиеге негізделген іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мерекелік бағдарлама көңілді спорттық эстафеталар, қызықты ойындармен және жігерлі флешмоб биімен жалғасын тауып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Бақша өнімдері» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылғаны айтылды. Балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары өз қолдарымен әзірлеген табиғи әрі экологиялық таза өнімдерін ұсынып, жәрмеңкеден түскен қаражаттың барлығы жануарларға арналған паналау үйіне көмек ретінде аударылды. «Қалдықтан құндылыққа» атты шығармашылық көрмеде қайта өңдеуге болатын материалдардан жасалған түрлі қолөнер бұйымдары қойылып, балалар мен ата-аналардың ерекше қиялы мен шығармашылық қабілеттері көпшілік назарына ұсынылды.
«Жас бағбандар» белсенділігі барысында бүлдіршіндер балабақша ауласында өсірілген көкөністерге күтім жасап, олардың пайдасы, еңбекке баулудың және табиғатты аялаудың маңызы туралы өз білімдерімен бөлісті. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігі осы іс-әрекеттер арқылы айқын көрініс тапты. – Біз балалардың бойында қоршаған ортаға ұқыпты қарау, жануарларға жанашырлық таныту, еңбекқорлық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында осы іс-шараны ұйымдастырып отырмыз, – дейді балабақша меңгерушісі Гүлнұр Мырзабулова.
– Сондай-ақ ата-аналар мен педагогтердің бірлескен игі бастамаларына қолдау көрсетілуде. Іс-шараға балалар, ата-аналар және балабақша ұжымы белсене қатысып, ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етудің, табиғатты қорғаудың және қайырымдылық жасаудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. Тәртіпбек елордадағы балабақшалардың біріне барып, тәрбиеленушілермен бірге танымал селфи-трендке қатысты.
Жүздесудің барысында балалар кейіпкермен бірге ерекше ықыласта суретке түсті. Трендтің басты ерекшелігі – кейіпкердің кадрдың артқы жағынан күтпеген жерден көрінуі. Бұл фотолар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды. Іс-шара ерекше жылулықпен ұтымды ұйымдастырылып, ойын түрінде балаларға бір-біріне құрметпен қараудың, мейірімді болудың және тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы түсіндірілді.
Тәртіпбек «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қалалық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келеді. Тазалықтың символы Тазабек астаналық мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру орталықтарының біріне барып, экологиялық іс-шара аясында тәрбиеленушілермен бірге танымал селфи-трендке қатысқанын қуанышпен хабарлауға болады. Тазабек түсірілім барысында балалардың қасына кадрға күтпеген жерден шығып отырған.
Ерекше формат бүлдіршіндердің ерекше қызығушылығын оятып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара бағдарламасына тәрбиеленушілердің ата-аналары ұйымдастырған «Бақша өнімдері» табиғи өнімдерінің қайырымдылық жәрмеңкесі мен қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдардың «Қалдықтан құндылыққа» көрмесі де енді. Іс-шара ерекше көңіл-күйде өтіп, ойын түрінде балаларға тазалық сақтаудың, табиғатқа ұқыпты қараудың, қалдықтарға жауапкершілікпен қараудың және жануарларға қамқорлық жасаудың маңызы түсіндірілді.
«Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы аясында елордадағы «Жастар» саябағында Taza Qazaqstan экология күні ұйымдастырылып, бұл шараға түрлі буын өкілдері, белсенділер, мәслихат депутаттары, экологтарға қоса «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары белсене қатысқан болатын. «Таза Қазақстан» аталатын республикалық деңгейдегі экологиялық акцияны жан-жақты қолдау, саябақтың санитариялық жағдайын жақсарту және тұрғындарды, әсіресе жастарды қоршаған ортаға ұқыпты қарау басты мақсат ретінде нақтыланған.
Акция барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды ретке келтіріп, экологиялық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. «Жастар» саябағын эко-күн үшін таңдаудың да себебі жоқ емес. Бұл – қала тұрғындары мен қонақтары күн сайын демалатын ең танымал қоғамдық орындардың бірі. Келушілер санының көп болуына байланысты мұндай аумақтар тұрақты күтім мен тазалықты сақтауды қажет етеді. Қоғамдық басқосудың дәл осы жерде ұйымдастырылуының сыры – саябақтың қазіргі жағдайын жақсартып қана қоймай, көпшілік демалатын орындарда тазалықты сақтаудың маңыздылығына жұрт назарын аудару.
– Туған қалаға жанашырлық таныту – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. «Таза Қазақстан» акциясы белсенді жандардың басын қосады, – дейді іс-шараны ұйымдастырушылар. Іс-шараға «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздарының қатысуы ерекше көрік берді. Олар үшін бұл жай ғана жазғы жұмыс емес, туған өлкені абаттандыруға өз үлесін қосудың нақты мүмкіндігі. Жастар көгалдарды қоқыстан тазартып, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіріп, ұйымшылдықтарын көрсетті.
Оларға мәслихат депутаттары мен кәсіби экологтар да белсенді түрде қосылып, бағалы бастамалардың экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Сарапшылардың айтуынша, бұл акция қоршаған ортаға қамқорлық жасауды тұрақты дағдыға айналдыруға ықпал етеді. Ұзақ мерзімді перспективада мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті нығайтып, азаматтық белсенділікті арттыруға және осындай іс-шараларға қатысуды қала тұрғындарының игі дәстүріне айналдыруға мүмкіндік береді.
«Жастар» саябағындағы Taza Qazaqstan экология күні атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялаумен аяқталды: жиналған қоқыс жедел түрде шығарылып, саябақтың көгалды тұстары қайтадан таза әрі күтімді күйге келтірілді. Қатысушылар туған қаланың тазалығы әр адамның өзінен басталатынына тоқталды. Осы орайда елорда полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тазалықты сақтау және қолайлы экологиялық ахуалды қолдау бағытында тұрақты түрде жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанын еске саламыз.
Бұл игі істер қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және заң талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрақты түрде жүзеге асырыла бастағаны баршаға белгілі. Полиция департаменті әрдайым елорда тұрғындары мен қонақтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны көздің қарашығындай қорғауға шақыруға мүдделі.
Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі
Загрузка...

