Тамыз педагогикалық оқулары – 2026: адами капиталды дамытудағы инновациялар және жасанды интеллект

2026 жылғы 14 тамызда Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жаңа халықтық конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында дәстүрлі тамыз педагогикалық оқуларын ұйымдастырып өткізді. Іс-шара онлайн форматта өткізілді, облыстың барлық өңірлерінен 1000 педагогті, білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлерін қамтыды.

Тамыз педагогикалық оқулары аясында өңірлік білім беру жүйесінің негізгі бағыттарын қамтыған 10 секциялық отырыс өткізілді. Олар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудан бастап, бастауыш, шағын жинақты және инклюзивті білім беруді, функционалдық сауаттылық пен STEM бағыттарын, сондай-ақ менеджмент, тәлімгерлік және тәрбие жұмысы мәселелерін қамтыды. Педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшылары оқу процесіне жасанды интеллект, нейрондық желілер мен цифрлық платформаларды енгізу тәжірибесімен бөлісіп, халықаралық стандарттарға сәйкес құзыреттілікке негізделген тапсырмаларды әзірлеу, білім беруді цифрлық трансформациялау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау тәсілдерін, сондай-ақ стратегиялық басқару мен азаматтық-құқықтық тәрбие беру тәжірибесін талқылады.

Секциялық алаңдар жұмысының қорытындысы бойынша озық педагогикалық тәжірибені таратуға, білім беру процесін цифрландыруға және өңірде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған әдістемелік ұсынымдар берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий