МАГИСТРАТУРА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін 2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті.
Республикалық комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Комиссия отырысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды.
Биылғы жылы конкурсқа қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық. Болашақ магистранттар арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары».
Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2026 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Загрузка...