Мемлекет басшысы қолынан «Шапағат» медалін алған павлодарлық ұстаз

Павлодар қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының биология пәні мұғалімі Әмзеев Олжас Бекенұлы Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалін алды.

Бұл – дарынды шәкірттерді тәрбиелеп, олардың ғылыми ізденісіне бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаз еңбегінің жоғары бағалануы.

Олжас Бекенұлының жетекшілігімен шәкірттері соңғы жылдары республикалық және халықаралық деңгейде үздік нәтижелер көрсетіп келеді.

IBO-2026 халықаралық биология олимпиадасында Қайыркен Ерсұлтан күміс медаль иеленді.

OIBO халықаралық олимпиадасында Қайыркен Ерсұлтан алтын, Билялов Нұрали күміс медаль жеңіп алды.

«Қазақстан Білім Олимпиадасында» Саматұлы Алимұхаммед, Қайыркен Ерсұлтан, Ғабдулжағыпар Аңсар және Билялов Нұрали алтын медаль иеленді.

Жұмасіл Ағанияз бен Сакенов Ансар қола жүлдеге қол жеткізді.

«Brain Bee» нейробиология олимпиадасында Саматұлы Алимұхаммед пен Жұмасіл Ағанияз алтын, Рахимжанов Тимур күміс медаль жеңіп алды.

Бұл жетістіктер – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шәкірттерінің табанды еңбегінің жемісі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий