Баланың жан дүниесіне жол табатын мамандар бас қосты
2026 жылғы 25 тамызда Павлодар қаласында педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтерге арналған тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті.
Жиынға 100-ден астам маман қатысып, балалардың құқықтарын қорғау, психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи тәсілдерін талқылады.
Секция барысында білім басқармасы, бала құқықтарын қорғау ұйымдары, прокуратура, психикалық денсаулық орталығы өкілдері, ғалымдар мен әдіскерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараның ерекше бөлігі – «Психологиялық шеберхана» көрмесі. Мұнда өңір психологтері авторлық әдістемелері мен кәсіби құралдарын таныстырып, тиімді тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция соңында білім беру саласында елеулі еңбек етіп жүрген үздік мамандар марапатталды.
Балаға қолдау көрсету – кәсіби міндет қана емес, үлкен жауапкершілік.
Загрузка...