«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері мен ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурстық іріктеу жеңімпаздарының тізімдері жарияланды

Жақында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Роман Склярдың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау және ғылыми тағылымдамаларға іріктеу қорытындылары қаралды.

Конкурс нәтижесінде Республикалық комиссия 232 Қазақстан азаматына «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдады. Бір стипендиялық орынға орта есеппен бес үміткерден астам өтініштің келуі – бағдарламаның беделі жоғары екенін ғана емес, қазақстандық жастар мен мамандардың сапалы халықаралық білім алуға деген ұмтылысы мен бәсекеге қабілеттілігінің артқанын да көрсетеді.

Жаңа стипендия иегерлерінің қатарында 179 магистрант, 12 докторант және бакалавриатта білім алатын бір стипендиат бар. Сонымен бірге 40 қазақстандық шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Биыл ғылыми тағылымдама бағыты бойынша да маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Республикалық комиссияның шешімімен 33 қазақстандыққа әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілді. Бұл – отандық ғылымның әлеуетін арттыруға, зерттеушілердің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, озық ғылыми әдістер мен жаңа технологияларды меңгеруге және халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.

Сіздерге «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері мен ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурстық іріктеу жеңімпаздарының тізімін ұсынамыз. Баршаңызды осы маңызды жетістіктеріңізбен құттықтап, алдағы білім мен ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс тілейміз!

Грант иегерлерінің тізімі

Болашақ

Ғылыми тағылымдамалар

 

bolashak.gov.kz

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий