Қызылқақ ауылында жаңа мектеп ашылды

Павлодар облысының Ертіс ауданындағы Қызылқақ ауылында 100 орындық жаңа мектептің есігі айқара ашылды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиғаға айналған білім ордасының салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

Жаңа мектептің құрылысы облыс әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылып, нысанды «First National Construction» ЖШС салды.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ордасында оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай қарастырылған. Мектепте заманауи оқу кабинеттері, химия-биология және информатика кабинеттері, спортзал, акт залы, асхана, дизайн және технология шеберханасы, сондай-ақ шағын орталық жұмыс істейді. Мектеп аумағында балалардың спортпен шұғылдануына арналған спорт алаңы да жабдықталған.

Салтанатты рәсім барысында мектеп директоры Қуат Усинге жаңа білім ордасының символдық кілті табысталып, мектептің лентасы қиылды. Мерекелік шара музыкалық бағдарламамен жалғасын тапты.

Шара соңында облыс әкімі мен қонақтар мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттері мен білім алушыларға жасалған жағдайларды көрді.

Жаңа мектеп — ауыл болашағына салынған маңызды инвестиция. Білім ордасының ашылуы Қызылқақ ауылының әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтып, ауыл балаларына заманауи ортада сапалы білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий