Басты мақсат – цифрлық білім берудегі тең қолжетімділікті қамтамасыз ету

Биылдан бастап мектептердің тамақтану қызметтеріне ақы төлеу тек «Әлеуметтік әмиян» цифрлық жүйесінің расталған деректері негізінде жүргізіледі. Үкіметтің кезекті (18.08.2026 ж.) отырысында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин осы ақпаратты мәлімдеді.Баяндама барысында ол жаңа оқу жылына мектептердің цифрлық инфрақұрылымының дайындығы туралы айтып, интернеттің қолжетімділігі мен сапасына тоқталды.

Бүгінде еліміздегі білім беру ұйымдарының тоқсан екі пайызы жоғары жылдамдықты  интернетке қосылған. Қазірдің өзінде 1 276 мектепте интернет жылдамдығы 100  Мбит/с-тен жоғары. Алдағы уақытта олардың санын үш мың екі жүз жиырма екіге,  ал орташа жылдамдықты 90 Мбит/с-ке жеткізуді жоспарлап  отырмыз. Біздің міндетіміз – барлық мектепті тұрақты интернетпен  қамтамасыз ету және балалардың цифрлық білім беру  ресурстарына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Келесі жылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылған  мектептердің үлесін толық жүз пайызға, яғни сегіз ағарту орнына жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар заманауи қосылу  технологияларына көшуді жалғастырамыз, — деді спикер.

– Биыл қорытыланған өткен оқу жылында осы жүйе арқылы 149 миллион теңгені құрайтын тегін  ыстық тамақ беріліп, бір миллион алты жүз мың теңгеге тең цифрлық ваучер үлестірілген болатын. Биылдан бастап мектептердің тамақтану қызметтеріне ақы  төлеу тек расталған деректер негізінде жүргізіледі. Бірінші  қыркүйекке дейін тиісті тізімдерді қалыптастырып, дайындық  жұмыстарын қамтамасыз ету қажет. Дайындықты төрт өңір растады. Олар – Маңғыстау,  Павлодар, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары.

Сонымен қатар вице-министрдің мәлімдеуінше «Әлеуметтік әмиян» ақпараттық жүйесіне жеке тоқталып,  жүйе әлеуметтік қызметтерді цифрландыруды қамтамасыз  ету маңызды. Және барлық өңірлердің жұмысты бірдей қарқында жүргізгені қажет. Тағы бір бағыт – білім беру саласындағы мемлекеттік  қызметтер. Бүгінде алпыс бір мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның қырық төртіне онлайн бойынша қолжетімді. 2025–2026 оқу жылында білім беру  саласындағы мемлекеттік қызметтердің жетпіс екі пайызы электрондық форматта көрсетілгенін білдік. Ең көп сұранысқа ие қызметтер – балабақша кезегіне қою,  құжаттарды қабылдау және балаларды білім беру ұйымдарына  қабылдау.

Биыл алғаш рет бірінші сыныпқа құжат қабылдау жаңартылған Oqu платформасы арқылы жүргізілген. Бұл платформа QazTech-та жүзеге асырылыпты. Жаңа жүйенің ақаусыз жұмыс істегені белгілі болды. Қазірдің өзіндебес мемлекеттік  қызмет көшірілді. Жыл соңына дейін жаңа платформада тағы бес қызметті  цифрландыру жоспарлануда. Бұл цифрлық трансформация балаларға жаңа мүмкіндіктер  беруі тиіс Астанада халықаралық TUMO креативті технологиялар  орталығы қалыпты қызмет атқаруда. Ол 12-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған.

Бұл бағдарлама он бір ақпараттық технология мамандығын қамтиды. Бүгінде осы орталыққа 2 168 оқушы белсенді қатысады. TUMO желісі өңірлерде кезең-кезеңімен кеңейіп келеді. Қазір Алматыда орталық ашуға дайындық жүргізілуде.  Бұл өңірлердегі жастардың технологиялық білімге қолжетімділігін кеңейтеді. Оның ішінде ауыл жастарына да  мүмкіндік береді. Осы бағытта Tomorrow School да дамып келеді. Бұл – халықаралық peer-to-peer моделі бойынша жұмыс  істейтін жасанды интеллект мектебі. Студенттер бір-бірінен үйренеді, – деді сөйлеген сөзінде Ростислав Анатольевич.

Дәстүрлі мұғалімдер  жоқ. Олар практикалық міндеттерді бірге шешеді. Білімдері мен  тәжірибелерімен бөліседі. Барлығы жиырма төрт мың үш жүз он үш өтінім түсті. 2 135 қатысушы төрт апталық  іріктеу кезеңінен өтті. Төрт жүз тоқсан үш студент негізгі оқу кезеңінде. Елу жеті қатысушы оқуын аяқтамай тұрып жұмысқа  орналасты.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Tomorrow School желісін кеңейту басталды. Бүгінде желі еліміздің барлық дерлік өңірінде дамып  келеді. Алдағы уақытта жобаны бүкіл ел бойынша іске қосу  жоспарда бар. Бұл әрбір аймақтағы жастар үшін заманауи IT-білімнің қолжетімділігін  арттырады. 

Жаңа AI университеті – Qazaq AI Research University туралы  жеке түрде атап айтылды. Бұл – жасанды интеллект саласындағы  мамандандырылған зерттеу университеті. Жоғары оқу орнына AI-Enabled University ерекше мәртебесі  берілген. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Университет AI+X моделі бойынша жұмыс істейді. Бұл модель әртүрлі кәсіби бағыттар бойынша мамандар  даярлауды көздейтіндігімен ерекшеленеді. Жасанды интеллект түрлі саланы қамтитын мамандықтар бойынша оқытудың  бір бөлігі болады.

Студенттер ақпараттық технологиялардың заманауи тәсілдерін үйренеді. Оларды нақты  кәсіби салада қолдануды да меңгереді. Университет халықаралық ынтымақтастықты белсенді  дамытып келеді. Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері  және Финляндияның жетекші университеттері мен зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнатылған. Сондай-ақ  халықаралық AI-оқыту платформасын құру жоспарлануда. Бұл білім беру бағдарламаларын кеңейтуге мүмкіндік  береді. Әртүрлі елдерден студенттерді тартуға жол ашады, — деді Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі

Тағы бір маңызды нәтиже – мектеп оқушыларының AI құзыреттерін дамыту. Сайыстарды Қазақстанның Спорттық бағдарламалау  федерациясы еліміздің бейіндік ведомствасымен бірлескен түрде ұйымдастырды. Жасанды интеллект бойынша халықаралық  олимпиадаға бір жүз алты елден 479 үміткер қатысты. Биыл олимпиада UNESCO қамқорлығымен ұйымдастырылған еді. Бұл оның халықаралық ауқымын көрсетеді. Сондай-ақ AI білім беруді дамытудағы маңызын айқындайды. Қазақстан құрамасы сегіз қатысушыдан құралды. Олар елімізге екі алтын мен екі күміс және үш қола медаль әкелгенінен хабардармыз.

Даужан Бекетов алтын медалмен марапатталып, абсолюттік  әлемдік есепте жүлделі екінші орынға ие болды. Жалпы, жаңа оқу жылына дайындық – бұл мектептердің  техникалық дайындығы ғана емес. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі білім берудің бірыңғай цифрлық ортасын қалыптастыруда. Бұл – тұрақты интернет пен заманауи цифрлық  сервистерден бастап, жасанды интеллект саласында кадрлар  даярлаудың практикалық бағдарламаларына дейінгі тұтас  экожүйе. 

Astana Hub Alem AI Talent Lab бағдарламасына өтінімдер қабылдауды бастап, бағдарламаға сай бакалавриат талапкерлерін қолдайтындығын жариялады. Ол жасанды интеллект, ғылым және технологиялық кәсіпкерлік саласында дамығысы келетіндерге арналған. Тамыз айының жиырма үші күнін қоса алғанда қабылданған өтінім берушілердің қатарындағы математика, информатика және физика бағыттары таңдаған талапкерлердің іріктелуі кезінде мотивация, үлгерім және олимпиадаларға қатысудағы жетістіктері ескеріліпті.

Astana Hub Qazaq AI Research University-мен бірлесе ұйымдастырған бұл бағдарламаның алғашқы легіндегі оқуды үш жыл бойы қаржыландырмақ. Бірінші курстан бастап қатысушылар зерттеулер жүргізіліп, технологиялар жасалатын кәсіби ортаға кіреді. Студенттерге GPU-қуаттар мен зерттеу инфрақұрылымы ашылады. Қатысушыларға халықаралық тәжірибесі бар менторлар қолдау көрсетеді. Білімгерлер ғалымдармен және технологиялық компаниялардың негізін қалаушылармен жұмыс істейді. Тәлімгерлер қатарында патент авторлары, шетелдік университеттердің зерттеушілері мен басшылары бар.

Alem AI және Astana Hub экожүйесі халықаралық тәжірибеге жол ашады. Үздік студенттер АҚШ, Еуропа, Қытай және Жапония университеттерімен және зерттеу орталықтарымен жұмыс істей алады. Оларға шетелдік тағылымдамалар мен академиялық ұтқырлық ашылады. Халықаралық конференцияларға қатысу мүмкіндігі де қарастырылған. Бүгінде жасанды интеллект саласындағы бәсеке – ең алдымен таланттар үшін тартысғ – дейді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.

Сондықтан жастарды кәсіби жолы қалыптасып жатқан сәтте қолдау маңызды. Alem AI Talent Lab зерттеулерге, халықаралық сараптамаға және заманауи инфрақұрылымға қолжетімділік ашады. Басты – студенттер оқу кезінде-ақ әлемдік деңгейдегі технологиялар жасай алуы. Бағдарламаның негізінде қарапайым қағида жатыр. Бүгін студент бастапқы қолдау алады. Кәсіби жетістікке жеткен соң оның қаржылық әлеуетінің бір бөлігі бағдарламаға қайта оралады. Бұл қаражат келесі легті қолдауға жұмсалады.

Astana Hub жасанды интеллект саласындағы дарынды жастарды қолдауға және AI мамандарының жаңа буынын даярлауға бағытталған Qazaq AI Research University (QAIRU) студенттеріне арналған жаңа Alem AI Talent Lab қолдау бағдарламасының іске қосылғанын жариялайды. Бағдарламаның алғашқы легі бакалавриат және магистратурада білім алып жатқан 100 студентті қамтиды. Қатысушылар кәсіби дамуға, ғылыми-зерттеу және технологиялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ өздерінің AI-стартаптарын іске қосуға қосымша мүмкіндіктер алады.

Alem AI Talent Lab талантты жастарға идея мен ғылыми зерттеуден бастап, өз өнімін жасап, технологиялық бизнес құруға дейінгі жолды ұсынады. Біздің мақсатымыз — оларға Astana Hub экожүйесіне қолжетімділік беру. Мұнда олар сарапшыларды, серіктестерді және қолдау таба алады, ал перспективалы жобалар уақыт өте келе жаһандық компаниялар мен болашақ бірегей стартаптарға айналуы мүмкін. Alem AI Talent Lab Alem.ai экожүйесінің бір бөлігіне айналып, студенттерге практикалық дағдыларын дамытуға, индустрияның нақты міндеттерімен жұмыс істеуге, Astana Hub мүмкіндіктеріне қол жеткізуге және елімізде жасанды интеллектті дамытуға бағытталған бастамаларға қатысуға үлес қосады, – деді Мағжан Дінмұхаммедұлы.

Өмірсерік БАТЫРХАНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий