Негізгі Заңның жаңа редакциясы – елдің жоғары құқықтық және саяси актісі ретінде
Оқу жылының басында, 3 қыркүйекте, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы осы тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің тұтас құқықтық санасын және конституциялық реформаны мемлекеттік құрылымды жаңғыртудың іргелі механизмі ретінде терең түсінуін қалыптастыру болды. Бүгінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді азаматтар толықтай қолдайды. Бұған Құрылтайға өткен сайлау көз жеткізді. Осылайша, іс жүзінде «Әртүрлі пікір – біртұтас ұлт» қағидаты жүзеге асып, ол халық бірлігінің берік тірегіне айналды. Дәл осы қағидат дөңгелек үстелдің идеялық негізіне арқау болды.
Іс-шараның модераторы – Қайырбек Меруерт Сәбитқызы. Баяндамашы ретінде техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қызыров Қайрулла Бейсенбайұлы және заң ғылымдарының магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің аға оқытушысы Серікбаева Сәуле Серікбайқызы сөз сөйледі. Сондай-ақ, 3-курс студенті Бақтыбай Айкүнімнің баяндамасы тыңдалды. Іс-шара соңында С-25-3 тобының студенті Қараманова Қанағат музыкалық нөмір ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген конституциялық реформаның қорытындылары талқыланды. Қатысушылар 28 тамызда өткен Парламент – Құрылтайдың бірінші отырысында және 1 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде Мемлекет басшысының сөзінде айтқан басты ұстанымдары – заң үстемдігін нығайту, әділеттілікті қамтамасыз ету және мемлекеттік құрылымды одан әрі жаңғырту мәселелерін ерекше атап өтті. Бұл бағыттар аудитория тарапынан жылы қабылданып, талқылаудың негізгі арқауына айналды. Барлық баяндамалар мен пікірталастар конституциялық реформалардың мәнін терең түсінуге, сондай-ақ жаңару үдерістеріндегі әрбір азаматтың орнын сезінуге бағытталды.
Іс-шара студент жастардың конституциялық құрылыс мәселелеріне деген жоғары қызығушылығын және құқықтық санасының қалыптасу деңгейін айқын көрсетті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша университет ортасында құқықтық ағарту жұмысын жандандыру жөніндегі ұсынымдар қамтылған қарар қабылданды. Барлық қатысушыларға мазмұнды жұмыстары үшін алғыс білдіреміз.
Шарипова Р.М., ф. ғ. м., аға оқытушы
Сиводедова А.В., ә.ғ.м., аға оқытушы
Абдрахманова А.А., з.ғ.м., аға оқытушы
Қайырбек М.С., з.ғ.м., оқытушы
Жуматова Г.М., з.ғ.м., аға оқытушы



