Дәріс емес, ерлік туралы әңгіме: Екібастұзда әскери-патриоттық тәрбие сабақтары өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық ұжымының Екібастұзға сапары аясында қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін әскери-патриоттық бағыттағы кездесулер ұйымдастырылды. Оқушылармен Орталық бастығының тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар жөніндегі орынбасары, «Жас Сарбаз» қозғалысының төрағасы, майор Мейірбек Меңдіғалиев кездесті.

«Самғау» балалар шығармашылық орталығында өткен кездесуде патриотизм, жауапкершілік, әскери борыш және азаматтық құндылықтар туралы ашық әңгіме өрбіді. Слайдтар мен бейнематериалдар пікір алмасуға негіз болса, оқушылардың өз сұрақтары кездесудің мазмұнын одан әрі жандандыра түсті.

Атығай ауылындағы жаңа мектепте теориялық әңгіме практикалық сабақпен жалғасты. Жоғары сынып оқушылары Калашников автоматын бөлшектеу және пневматикалық мылтықтан ату бойынша өз дағдыларын көрсетті. Кездесу спорттық бағдарламамен жалғасып, оқушылар күрес залында және баскетбол алаңында жаттығып, футболдан жолдастық кездесу өткізді.

Мұндай кездесулер патриотизм ұғымын сөз жүзінде түсіндірумен шектелмей, оны жеке жауапкершілік, тәртіп, командалық жұмыс және өз еліне пайдалы болуға дайындық сияқты нақты қасиеттермен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий