Балалар қауіпсіздігі – ортақ міндет
Павлодар қаласындағы №25 мектепте қала мектептерінің ата-аналарына арналған жиын өтті. «Заң мен тәртіп: кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы кездесуде балалардың қауіпсіздігі, жасөспірімдердің психологиялық жағдайы және түрлі қауіптердің алдын алу мәселелері талқыланды.
Іс-шара Павлодар қаласы прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылды. Жиынға психологтар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, ата-аналармен ашық пікір алмасты. Мамандар буллинг, интернеттегі қауіптер, суицидтің алдын алу, алаяқтық, есірткінің зияны және жасөспірімдерді теріс әрекеттерден қорғау мәселелеріне тоқталды.
Кездесуде баланың бойындағы өзгерістерге дер кезінде назар аударып, онымен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызы айтылды. Себебі бала қандай да бір қиындыққа тап болғанда, ең алдымен отбасының қолдауы қажет. пеерведи на русский язык грамотно
Загрузка...
