Профилактика тәрбиеден басталады: қауіпсіз болашаққа бағытталған жаңа бағдарлама

Аққулы ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жаңа бағдарлама әзірленді. Бағдарламаның бастамашылары әрі әзірлеушілері – ауданның тәрбие жұмысына жауапты ұйымдастырушылары. Жаңа тәсіл құқық бұзушылықтардың алдын алумен ғана шектелмей, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қауіп факторларын дер кезінде анықтауға бағытталған.

Бүгінде балалардың қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтардың, буллингтің, зорлық-зомбылықтың және қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу мәселелері білім беру жүйесінің басты назарында. Қазіргі профилактикалық жұмыс бір реттік іс-шаралармен шектелмей, мектеп, отбасы, мамандар мен әлеуметтік институттардың жүйелі өзара іс-қимылын талап етеді.

Осыған байланысты Аққулы ауданында тәрбие, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік жұмыстарды бір арнаға біріктіретін жаңа кешенді профилактикалық тәсіл әзірленді.

Жаңа бағдарламаның басты идеясы – орын алған құқық бұзушылыққа әрекет етуден гөрі, ықтимал проблемалардың алдын алуға көшу.

Ерекше назар қарым-қатынаста, оқу барысында, отбасылық ортада немесе эмоционалдық жағдайында қиындықтарға тап болған, сондай-ақ әлеуметтік ортаға бейімделуде мәселелері бар балаларға аударылады.

Бағдарлама аясында тек құқық бұзушылық фактілері ғана емес, соған әкелуі мүмкін себептер де жүйелі түрде талданады. Олардың қатарында сабаққа себепсіз қатыспау, оқу мотивациясының төмендеуі, құрдастарымен жанжал, тұйықтық, агрессивті мінез-құлық, отбасындағы қолайсыз жағдай және сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған жұмыспен қамтудың болмауы сияқты факторлар бар.

Мұндай тәсіл мамандарға мәселені ерте кезеңде анықтап, балаға қажетті көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Аққулы ауданының білім беру жүйесінде 23 мектеп жұмыс істейді, онда 1800 астам оқушы білім алуда. Тәрбие жұмысына жүздеген педагог, сынып жетекшілері, педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтер тартылған.

Әр бала – өзіндік ерекшелігі, қызығушылығы мен өмірлік жағдайы бар жеке тұлға. Сондықтан профилактикалық жұмыс та әр оқушының қажеттілігіне қарай бағытталуы тиіс.

Жаңа бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – қиындықтар туралы ақпарат назардан тыс қалмайтын және балаға ерте кезеңде қолдау көрсетілетін бірыңғай сүйемелдеу жүйесін қалыптастыру.

Аққулы ауданында жаңа бағдарламаның әзірленуі тәрбие жұмысына жауапты ұйымдастырушылардың профилактикалық қызметті жүйелі, заманауи және ең алдымен балаға бағытталған деңгейге көтеруге деген ұмтылысын көрсетеді.

Бүгінде Аққулы ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алудың жаңа тәсілі қалыптасып келеді. Оның орталығында – баланың жеке тұлғасы, оның қауіпсіздігі, құқықтары мен болашағы.

Профилактика құқық бұзушылық жасалған кезде емес, одан әлдеқайда ертерек басталады. Ол тәрбие, сенім, назар аудару және дер кезінде қолдау көрсетуден басталады. Дәл осы қағидат Аққулы ауданының жаңа бағдарламасының негізіне айналып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий