Дін – адам рухын қалыптастыратын діңгек!

Биылғы жаңа оқу жылында елордасы маңызды қоғамдық-ағартушылық іс-шараның алаңына айналды. Білім күніне орай өткен аптада қала әкімдігіне қарасты Дін істері жөніндегі басқарманың ресми қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры тарапынан «Білім, дәстүр және қауіпсіздік» тақырыбында «Ашық алаң» ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылған болатын.

«Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы», – деген қазақ халқының дәуірлерге сабақтасқан даналық салиқалы сөзі осы осы акцияның мәні мен маңынасын айқара ашатын басты ұран ретінде таңдап алынған. Демек дін – адам рухын қалыптастыратын діңгек! Ізгі шараның басты мақсаты – жұртшылықтың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, жергілікті тұрғындарды деструктивті діни ағымдардың тәуекелдерінен қорғау, сондай-ақ негізгі ұлттық, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

Және миллиондар мекендейтін шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін жағалау аумағында ашық интерактивті алаң ашылып, жиналғандарға осы саланың кәсіби мамандары мен тәжірибелі сарапшылар тәуелсіз еліміздің дін саласындағы дәстүрлеріне қоса мәдениеті және заңнамалық қағидалар туралы мәліметтерді айтып берді. Ұйымдастырушылар өскелең ұрпақпен жоспарға сай жүйелі жұмыс істеуге ерекше назар аударады. Жасөспірімдер үшін арнайы бағдарлама ұсынылған: танымдық викториналар, білім беру ойындары және заманауи білім мен отбасылық құндылықтарға негізделген мақал мен мәтелдер байқауы.

Бұл шаралардың барлығы жастардың ой-өрісін кеңейтуге және дұрыс адамгершілік өнегелерді қалыптастыруға бағытталғандығымен ереклеленеді. Бағдарламаның негізгі бөлігінің бірі «сұрақ-жауап» түріндегі ашық пікір алмасу мұмкіндігі болды. Жүздесуге қатысушылар діннің өзекті мәселелері бойынша ақыл кеңес ала алып, белгілі бір дінді ұстану барысында түрлі теріс ағымдар мен арам пиғылды насихатшылардың жетегінде кетпеу үшін нені білу қажеттілігі туралы және басқа да сан алуан сауалдарына нақты жауап тапты деуге болады.

Жиналғандарға әлеуметтік және ағартушылық бағытта арнайы дайындалған бейнер жазбалар көрсетіліп, еріктілердің қатысуымен қала тұрғындары арасында үш мыңнан астам ақпараттық брошюралар таратылғанын білдік. Бұл баспа материалдарында діни білімнің сенімді көздерін таңдау бойынша ұсыныстар, ел аумағында тыйым салынған экстремистік және террористік ұйымдардың тізілімі, ҚР қолданыстағы заңнамасынан үзінділер және қауіпсіздіктің негізгі ережелерін құрайтын маңызды ақпараттар жинақталған.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша бұл басқосуды ұйымдастырушылар түрлі тақырыптағы байқаулар мен викториналардың жеңімпаздарына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстаған. Елорда еңгейдегі ауқымды іс-шараны мазмұнды дайындауға және ұтымды үйлестіруге үлесін қосып, жәрдемдескен ең белсенді еріктілердің есімдері жарияланып, мәртебелі марапаттарға ие болғанын білдік.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий