«Әдістемелік сағат: тәжірибеден тағылым»

Аққулы ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес  білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен аға тәлімгерлердің қатысуымен жас педагогтерге арналған әдістемелік сағат ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық қызметке бейімделуіне ықпал ету және тәжірибелі әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Әдістемелік сағат барысында 12 -ге жуық жас педагогтерге тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері таныстырылып, білім алушылармен өзара қарым-қатынас орнату, сынып ұжымын қалыптастыру, педагогтің кәсіби мәдениеті мен жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар берілді.

Сонымен қатар қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өз ойларымен бөлісіп, кәсіби қызмет барысында кездесетін мәселелерді талқылады. Тәжірибелі педагогтер тарапынан жас мамандарға құнды кеңестер мен ұсыныстар берілді.

Мұндай әдістемелік кездесулер жас педагогтердің кәсіби тұрғыдан қалыптасуына, өз мүмкіндіктерін дамытуына және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының сапасын арттыруға оң ықпал етеді.

Жас маманға көрсетілген қолдау – білім беру саласының болашағына жасалған маңызды қадам.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий