Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұрасы. Ол ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Сондықтан ана тілімізді құрметтеу – әр адамның азаматтық парызы. Қазақстан – көпұлтты мемлекет.

Елімізде түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Әр халықтың өз ана тілі, мәдениеті мен дәстүрі бар. Осындай түрлі тілдердің өзара құрметі мен достығы еліміздің бірлігін нығайта түседі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ана тілімізді білу, оны дұрыс қолдану және дамыту – баршамызға ортақ міндет. Тілді құрметтеу тек оны сөйлеумен шектелмейді.

Кітап оқу, көркем әдебиетпен танысу, сауатты жазу және қазақ тіліндегі мәдени іс-шараларға қатысу арқылы да тілімізге деген сүйіспеншілігімізді көрсете аламыз. Тілдер мерекесі – халықтарды бірлікке, достыққа және өзара сыйластыққа шақыратын ерекше күн. Бұл мереке арқылы біз әр тілдің өзіндік ерекшелігін танып, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауды үйренеміз.

«Тіл – халықтың жаны» деген сөз бекер айтылмаған. Тілі бар халықтың тарихы мен болашағы бар. Сондықтан туған тілімізді қадірлеп, оның мәртебесін биік ұстау – біздің қолымызда. Тіл – достықтың дәнекері, бірліктің тірегі, ұлттың рухани байлығы. Тілімізді құрметтейік, тілдерді үйренейік және ана тілімізді ардақтайық! Қыркүйек айының бесіндегі – Қазақстан халқы тілдер күніне орай біздің ағарту ошағының кітапханасында қазақ тілі бірлестігі тарапынан арнайы дөңгелек стол үйымдастырдық.

 Баян УМАРОВА,
№156 жалпы білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі,

Алтын КАСАЙНОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Өжет ықшам ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий