Өнер мен өнегені ұштастырған отбасы

Железин ауданында өнерді отбасы тәрбиесімен ұштастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген жанұялардың бірі – Рысбековтер отбасы. «Өнерлі отбасы – өнегелі отбасы» бағыты аясында бұл шаңырақ шығармашылықты, ұлттық дәстүрді және ұрпақ тәрбиесін басты құндылықтардың бірі санайды.

Отбасы отағасы Рысбеков Абай аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарып, мәдениет саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Өнерге жақын Абай ақындықты да қатар алып, өлең шығарып, шығармашылықпен айналысады.

Ал жұбайы Ибрагимова Нуржамал Азимхановна №1 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Ұстаз ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге, оқушылардың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Қыз ұзату дәстүрін насихаттап, ұлттық өнер мен тәрбиені кейінгі буынға жеткізуге атсалысып жүр.

Ата-анасының өнерге деген ықыласын бойына сіңірген қыздары Жумагелди Айдана да шығармашылыққа белсенді араласуда. Міржақып Дулатұлы атындағы мектептің 8-сынып оқушысы мәдени-көпшілік шараларға қатысып, өнерін шыңдап келеді.

Бір шаңырақ астында өнер мен білімді, ұлттық тәрбие мен шығармашылықты тоғыстырған отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетіп, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық отбасылық дәстүр қалыптастырып келеді. Осындай жанұялардың үлгісі – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, береке-бірлікті нығайтудың жарқын көрінісі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий