Бір шаңырақтағы өнер мен спорт

Павлодар облысының Железин ауданындағы Жаманбалиновтер отбасы – ұстаздық еңбекті өнер және спортпен ұштастырып, отбасылық құндылықтарды берік қалыптастырып отырған өнегелі шаңырақ.

Нариман Нуриденұлы мен Рашиля Тлеулесқызы 2010 жылы шаңырақ көтерген. Екеуі де педагог болып еңбек етіп, музыка мен шахматты отбасының ортақ қызығушылығына айналдырған.

Үлкен ұлы Расул ата-анасының жолын таңдап, музыкалық колледжде білім алып жүр. Ол – аудандық және облыстық музыкалық байқаулардың жүлдегері. Кіші ұлы Жангир – №1 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы, шахматтан аудандық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Нариман Нуриденұлы мен Рашиля Тлеулесқызы да шахматтан педагогтер арасында Павлодар облысының бірнеше дүркін чемпиондары атанған. Олар Железин ауданының намысын облыстық және республикалық жарыстарда қорғап, Қостанай мен Астана қалаларында өткен «Сенат Опен» республикалық турнирлеріне де қатысқан.

Ұстаздардың кәсіби жетістігі шәкірттерінің нәтижесінен де көрінеді. Олардың тәрбиеленушілері шахмат пен музыкадан аудандық және облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді.

Жаманбалиновтер отбасы өздерінің отбасылық ансамблімен аудандық және облыстық мәдени іс-шараларға белсенді қатысады. Педагогика, спорт пен өнерді өмір салтына айналдырған бұл шаңырақ – өзара қолдау мен ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий