Павлодар мектептерінде Отбасы күніне арналған іс-шаралар өтуде
Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды нығайтуға және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған іс-шаралар легі ұйымдастырылуда.
Қала мектептерінде оқушылар, ата-аналар мен педагогтердің қатысуымен отбасылық фестивальдер, шығармашылық және спорттық бағдарламалар, түрлі байқаулар, кездесулер мен интерактивті алаңдар өтуде.
Биылғы ерекшеліктің бірі – бірқатар іс-шаралардың кластерлік форматта өткізілуі. Яғни бірнеше мектеп бір алаңға бірігіп, ата-аналар, оқушылар мен ұстаздардың еркін пікір алмасуына, бірлескен шығармашылық жұмыстарға және тәжірибе бөлісуіне мүмкіндік жасалуда.
Іс-шаралардың басты мақсаты – баланың тәрбиесі мен қалыптасуындағы отбасының рөлін айқындау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, отбасылық дәстүрлерді дәріптеу, сондай-ақ өзара құрмет, сенім мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Отбасы күніне арналған іс-шаралар қаладағы барлық білім беру ұйымдарында жалғасуда. Бұл бастамалар берік отбасы мен мектептің тиімді серіктестігі әр баланың әл-ауқаты мен табысты дамуының маңызды негізі екенін тағы бір мәрте көрсетеді.
Загрузка...
