Ауыл мектебінде тәжірибе алмасу алаңы құрылды

Павлодар облысы Ертіс ауданындағы Ағашорын орта мектебінде «Жас Ғалым» пилоттық жобасы аясында педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге бағытталған семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және тиімді педагогикалық тәжірибелерді мектептер арасында тарату.

Семинарға «Ғылыми мектеп» ЖШС, Назарбаев Зияткерлік мектебі және Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар орта мектебінің өкілдері қатысты. Қатысушылар білім беру үдерісінде қолданылып жүрген заманауи әдістер мен тиімді оқыту технологияларын таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелері талқыланып, заманауи білім беру тәсілдерін оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдары қарастырылды. Педагогтер пікір алмасып, тәжірибеде нәтижесін көрсеткен әдістерді талқылауға мүмкіндік алды.

Мұндай кәсіби кездесулер білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ауыл мектептеріндегі педагогтердің жаңа тәжірибелерді меңгеруіне және оны оқу үдерісінде тиімді қолдануына жол ашады.

Жалпы, тәжірибе алмасу арқылы озық тәсілдерді кеңінен тарату – білім сапасын арттырып, әрбір оқушыға сапалы білім алуға тең мүмкіндік қалыптастырудың маңызды тетіктерінің бірі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий