Ертіс ауданында отбасылар спорттық эстафетада бақ сынады

Отбасы күні мен Денсаулық күніне орай Павлодар облысы Ертіс ауданының мектептерінде «Отбасы – біртұтас команда» атты спорттық эстафета ұйымдастырылды.

Спорттық мерекеге 50-ден астам отбасы мен 100-ден астам бала қатысты. Ата-аналар мен балалар бір командаға бірігіп, жылдамдық, ептілік, дәлдік пен дене дайындығын қажет ететін түрлі кезеңдерден өтті.

Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытып қана қоймай, бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Балалар ата-аналарына жанкүйер болып, ересектер де жас қатысушылармен бірге жеңіске деген жігерін танытты.

Іс-шараның басты мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау.

«Мұндай іс-шаралар ата-аналар мен балалардың бірге уақыт өткізіп, өздерін біртұтас команда ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Әсіресе бала үшін ата-анасының қолдауы маңызды. Бүгінгі эстафета отбасы денсаулығы белсенді өмір салты мен өзара қамқорлықтан басталатынын көрсетті», – деді №2 жалпы орта білім беру мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Құсайынова Алмагүл Жабаевна.

Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен отбасылар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен және арнайы номинациялармен марапатталды.

Спорттық эстафета отбасылық бірлікті нығайтып, ата-ана мен балаға бірге қимылдап, жақсы көңіл күй сыйлаған жарқын мерекеге айналды.

Отбасының күші – бірлікте, ал бір командадағы әр жеңіс – ортақ жеңіс!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий