ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

ӘлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Тазалық шарасына университет студенттері мен оқытушы-қызметкерлері белсенді атсалысып, оқу орнының аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты. 

Қатысушылар белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, оқу ғимараттары мен жатақханалардың маңын ретке келтірді. Жерге түскен жапырақтар мен қоқыстарды жинап, ағаштардың түптерін қопсытты.

Сенбілік барысында қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын атап өтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдады. Мұндай шаралар білім алушылардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, қоғамдық орта тазалығын сақтауға және туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

ӘлФараби атындағы ҚазҰУдың Баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий