Спектрдің бұзылысы – ерекше қолдауды қажет ететін жағдай

Аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ) – баланың әлеуметтік қарым-қатынасы, сөйлеуі және мінез-құлқындағы ерекшеліктермен сипатталатын нейродамытушылық жағдай. Соңғы жылдары бұл мәселе қоғам назарында жиі көтеріліп, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету маңыздылығы артып отыр.

АСБ белгілері көбіне ерте жаста байқалады. Бала көзге тік қарамауы, атына жауап бермеуі, қатарластарымен ойнауға қызығушылық танытпауы мүмкін. Кейбір балаларда сөйлеу тілі кеш дамиды немесе шектеулі болады. Сондай-ақ қайталанатын қимылдар жасау, белгілі бір тәртіпке қатты тәуелді болу, дыбыс пен жарыққа жоғары сезімталдық көрсету де жиі кездеседі. Әр баладағы ерекшелік әртүрлі деңгейде көрінеді. Мамандар аутизмнің нақты себебі толық анықталмағанын айтады, алайда оның биологиялық және тұқымқуалаушылық факторлармен байланысты екені белгілі. Бұл жағдай ата-ананың тәрбиесіне немесе әлеуметтік ортаға байланысты емес. Сондықтан қоғамда қалыптасқан қате пікірлерден арылып, ғылыми түсінікке сүйену маңызды. Ерте диагностика мен түзете-дамыту жұмыстары баланың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Психолог, логопед, дефектолог және педагог мамандар кешенді түрде жұмыс жүргізіп, баланың сөйлеуін, танымдық қабілетін және әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Аутизм спектрінің бұзылысы – үкім емес. Дұрыс қолдау мен түсіністік арқылы әр бала өз мүмкіндігін ашып, қоғамның белсенді мүшесіне айнала алады. Аутизм спектрінің бұзылысы: қоғам назарындағы маңызды мәселе. Қазіргі таңда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны артып келеді. Соның ішінде аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ) – кеңінен талқыланып жүрген өзекті тақырыптардың бірі. Бұл – баланың әлеуметтік қарым-қатынасы, сөйлеу тілі, мінез-құлқы мен қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктерімен сипатталатын нейродамытушылық жағдай. Кейбір балаларда сөйлеу кеш дамиды немесе сөйлеу мүлде болмауы ықтимал. Сондай-ақбір әрекетті қайталау, күн тәртібінің өзгеруіне қарсылық таныту, дыбыс пен жарыққа жоғары сезімталдық сияқты белгілер кездеседі. АСБ-ның нақты себебі толық анықталмағанымен, мамандар оның тұқымқуалаушылық және нейробиологиялық факторлармен байланысты екенін айтады.

Бұл – ата-ананың тәрбиесіне немесе әлеуметтік жағдайға байланысты туындайтын дерт емес. Сондықтан қоғамда қалыптасқан қате түсініктерді жою аса маңызды. Ерте диагностика мен уақытылы түзете-дамыту жұмыстары баланың әлеуетін ашуға үлкен мүмкіндік береді. Психолог, логопед, дефектолог және педагог мамандар бірлесе отырып, баланың танымдық қабілеттерін, сөйлеуін, әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған кешенді жұмыс жүргізеді. Әр балаға жеке бағдарлама құру – табысты нәтижеге жетудің тиімді жолы. Дұрыс ұйымдастырылған қолдау, кәсіби көмек және мейірімді орта арқылы ерекше балалар да қабілетін ашып, қоғамның белсенді мүшесі бола алады. Ең бастысы – түсіністік, төзімділік және шынайы жанашырлық.

Ақайша БОКАЕВА,
Шетпе психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психолог маманы,
Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий