Президенттің жаңа жинағы

2026 жылғы 16 қыркүйекте Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында көтерілген әділетті қоғам құруға бағытталған идеяларды терең әрі жан-жақты зерделеу, сондай-ақ ғалымдар мен жастар арасында мазмұнды ұрпақаралық диалог орнату болды. Аталған диалог кітап мазмұнын талқылаумен ғана шектелмей, реформалардың тиімділігі ең алдымен азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруымен өлшенетін ел дамуының алдағы бағыттары жөнінде қоғамдық түсіністік қалыптастыруға бағытталды.

Дөңгелек үстел жұмысына Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Д.Г. Шорманбаева, оқытушылар М.С. Қайырбек және Р.М. Шарипова модераторлық етті.

Дөңгелек үстел жұмысын Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор, саяси ғылымдар бойынша PhD Тимур Ерболатұлы Қанапиянов ашты.

Мемлекет басшысының кітабына мазмұнды әрі жан-жақты түсіндірме жасаған Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты Абай Қобландыұлы Қалықов еңбекте көтерілген негізгі мәселелерге кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, Президенттің өмір жолындағы маңызды оқиғалар баяндалған «Өзім туралы» бөліміне, адал әрі жауапты азамат болу мәселелеріне, тазалық пен тәртіп мәдениетіне және «Таза Қазақстан» бастамасына қатысты ой-пікірлерге назар аударды.

Сонымен қатар жастардың өзін-өзі дамытуы мен білімін үздіксіз жетілдіруінің маңыздылығы айтылды. Осы орайда Абай Қобландыұлы «Кітап оқитын ұлт» республикалық ауқымды оқу марафонына қатысу және оның жастар үшін беретін мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат берді.

Дөңгелек үстелге қонақ ретінде Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты Данияр Тоқанұлы Тоқанов және «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Талғат Жәкенұлы Мақалақов қатысты.Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабын топ кураторларына кураторлық сағаттар аясында білім алушылармен бірге оқып, талқылау ұсынылды.Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғылыми және әлеуметтік-тәрбие жұмысы аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі болды.Іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылар ғылыми және қоғамдық диалогты одан әрі тереңдетуге, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және әділетті қоғам құндылықтарын дәріптеуге бағытталған осындай кездесулерді алдағы уақытта да жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Шарипова Р.М.,
ф. ғ. м., аға оқытушы

Қайырбек М.С.,
з.ғ.м., оқытушы

Абдрахманова А.А.,
з.ғ.м., аға оқытушы

Ивлева Е.Н.,
ә.ғ.м., аға оқытушы

Сиводедова А.В.,
ә.ғ.м., аға оқытушы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий