ЖАҢА ОРТА МЕН МҮМКІНДІКТЕР: TOU-ДА СТУДЕНТТІК ҰЙЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Торайғыров университетінде бірінші курс студенттерін, белсенді жастарды және әртүрлі курс студенттерін біріктірген студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті. Іс-шара жастар бірлестіктерімен танысуға, идеялар алмасуға және пікірлестер табуға мүмкіндік беретін алаңға айналды.

Қатысушыларға «Мұрагер» студенттік театрының, «LaVie Добро» волонтерлік ұйымының, «Атамекен», TITAN, ToU Sezim, Жастар ісі жөніндегі комитет, Soltustik Liga, INVICTUS ACADEMY, Enactus, Radio ToU FM, «Өнер» студенттік ұйымдарының, «President» пікірсайыс клубының, «Жастар Рухы» ұйымының және кампустардың студенттік кеңестерінің қызметі таныстырылды.

Жәрмеңкеге қатысушылар ұйым өкілдерімен тілдесіп, олардың жұмыс бағыттары туралы ақпарат алды, тақырыптық викторинада білімдерін сынап, қызықты белсенділіктерге қатысты.

Іс-шара аясында облыстық деңгейдегі алғашқы «DÖIT» зияткерлік-креативті жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі де өтті.

Жәрмеңке университеттегі сабақтан тыс өмірдің мүмкіндіктерін көрсетіп, студенттерге өз таланттарын ашуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және жеке бастамаларын жүзеге асыруға жол ашты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий