TOU-ДА ПАНАСЫЗ ЖАНУАРЛАРҒА АРНАЛҒАН ПАНАЖАЙҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Торайғыров университетінде «Толық адам: Жылы жүрек» тұжырымдамасы аясында, сондай-ақ Қазақстанда жарияланған Қайырымдылық апталығы шеңберінде «Сириус» қоғамдық қорының панасыз жануарларға арналған панажайына қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясы өтті.

Іс-шараны сәулет-құрылыс факультетінің жастар саясаты жөніндегі декан орынбасары Айлин Ахметова ұйымдастырды. Білім алушылармен бірге ол жануарларға қажетті жем-шөп пен күтімге арналған заттарды панажайға жеткізуді ұйымдастырды.

Акцияға қатысушылар материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, жануарлармен уақыт өткізіп, олармен қарым-қатынас жасап, серуендеп, қамқорлық пен көңіл бөлді.

Мұндай бастамалар білім алушылардың мейірімділік, жауапкершілік және қолдауға мұқтаж жандарға қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий