TOU СТУДЕНТТЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Мадияр Әбілдин Торайғыров университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мемлекеттік қызмет өткерудің ерекшеліктері, мансаптық мүмкіндіктер мен кәсіби даму перспективалары туралы ақпарат берілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тікелей маманнан жауап алды.
Кездесу соңында ойын форматында интерактивті тестілеу ұйымдастырылды. Жеңімпазға «Оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Александр Бектің «Волоколам тас жолы» кітабы табысталды.
Мұндай кездесулер студенттерге мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктер туралы өзекті ақпаратты салалық ведомство өкілдерінен тікелей алуға, болашақ мамандарға қойылатын талаптарды жақсырақ түсінуге және кәсіби даму бағытын саналы түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Торайғыров университеті студенттердің мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге және оларды кәсіби қызметке дайындауға бағытталған бастамаларды қолдайды.
Загрузка...
