TOU-ДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Торайғыров университетінде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында «Өңір жастары лудоманияға қарсы» атты стратегиялық сессия өтті.
Іс-шараға 100 адам қатысты. Олардың қатарында TOU және қала колледждерінің студенттері, Павлодар облысының жастары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, волонтерлер, психологтар, медицина мамандары мен сарапшылар бар.
Қатысушылар жастардың құмар ойындарға тартылуына әсер ететін факторларды, онлайн-казино мен букмекерлік бәс тігудің таралуын, әлеуметтік желілер мен жарнаманың ықпалын, сондай-ақ ойынға тәуелділіктің алдын алудағы қаржылық сауаттылықтың маңызын талқылады.
Сондай-ақ құмар ойындарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруда және оларға байланысты тәуекелдердің алдын алуда отбасының, білім беру ортасының және жастар ұйымдарының рөліне ерекше назар аударылды.
Стратегиялық сессия қорытындысы бойынша қатысушылар профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап, практикалық ұсынымдар мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірледі. Сонымен қатар Павлодар облысының жастары арасында лудоманияның алдын алу картасын әзірлеу жұмыстары басталды.
Стратегиялық сессия өңір жастары арасында ойынға тәуелділіктің алдын алудың тиімді тәсілдерін бірлесіп талқылауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Загрузка...
