Павлодар облысы колледждерінде «Green Zone» ауқымды психологиялық әл-ауқат жобасы іске қосылды

Өңірлік психологиялық қолдау орталығының бастамасымен ағымдағы оқу жылында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында психологиялық сүйемелдеу және профилактика бағытындағы «Green Zone» жобасы іске қосылды.

Жобаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында жүйелі қолдау ортасын қалыптастыру және мәселелердің алдын алуға басымдық беру. Бағдарламаға педагог-психологтер мен колледждердің 1–2 курс студенттері қатысады.

«Green Zone» төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  1. «MindShorts» – шағын дәрістер, ағартушылық іс-шаралар мен квиздер;
  2. «Live chat» – сауалнамалар, консультациялар және интерактивті қарым-қатынас арналары;
  3. «Sandbox» – практикалық тренингтер мен арт-терапиялық сабақтар;
  4. «Save camp» – акциялар, челлендждер және тақырыптық апталар.

Жоба басталғаннан бері облыстың 1500-ден астам бірінші курс студенті қамтылды. Қазіргі таңда колледж психологтері «Sandbox» бағыты бойынша студенттердің жаңа ортаға, ұжымға және оқу ырғағына бейімделуіне бағытталған тренингтер өткізуде.

Оқу жылы барысында студенттерді психологиялық практикалар фестивалі, «Қауіпсіз қарым-қатынас» форумы, жаңа жылдық антистресс-квесттер, сондай-ақ түрлі челлендждер мен флешмобтар күтеді.

«Green Zone» жобасы колледж ортасын қауіпсіздік, өзара түсіністік және психологиялық жайлылық кеңістігіне айналдыруға бағытталған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий