Құқық бұзушылықтың алдын алу: оқушылармен ашық әңгіме өтті
Павлодвр облысы Железин ауданындағы «Башмачин жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де 5–10 сынып оқушыларының қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуді кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ермек Бакибайұлы Мерғалимов өткізді. Мамандар оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әңгіме барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, тыйым салынған заттарды тұтыну мен таратуға жол бермеу, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері көтерілді.
Полиция инспекторы кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде жүруіне қатысты белгіленген талаптар мен шектеулерді де еске салды. Оқушыларға заң талаптарын сақтаудың маңызы түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелерін елемеудің салдары туралы айтылды.
Кездесуде өзекті мәселелердің бірі – дропперліктің алдын алу болды. Оқушыларға банк карталарын, шоттарын және жеке деректерін бөгде адамдарға берудің қауіптілігі түсіндірілді. Сонымен қатар интернеттегі қарым-қатынас кезінде сақтық таныту, күмәнді ұсыныстарға сенбеу және қаржылық операциялар жасау барысында жеке деректерді қорғау қажеттігі ескертілді.
Профилактикалық іс-шара соңында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, заң талаптарын сақтау, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіп-қатердің алдын алуға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Загрузка...
