ЖАС ҰСТАЗДАРДЫҢ VIII ФОРУМЫ: ТӘЖІРИБЕ, ШАБЫТ, ЖАҢА СЕРПІН

Мұғалімдік жолдың алғашқы жылдары – кәсіби қалыптасу мен ізденістің ерекше кезеңі. Осы уақытта жас маманға тәжірибе алмасу, әріптестерімен пікір бөлісу, жаңа идеялармен танысу аса маңызды.

Павлодар ауданы Май ауданында осы мақсатты көздеген жас ұстаздардың VIII форумы өтті. Биылғы басқосуға еңбек өтілі үш жылға дейінгі 50-ден астам жас педагог қатысып, кәсіби орта қалыптастырған мазмұнды кездесуге айналды.

Форум Майтүбек орта мектебінің базасында ұйымдастырылып, жас ұстаздарға өзара тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен тың идеялар алуға мүмкіндік берді.

Форумның алғашқы бөлімі кәсіби бағыттағы тренингтер, коучингтер мен шығармашылық сабақтарға арналды. Қатысушылар заманауи педагогикалық тәсілдерді талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Еркін пікір алмасу мен практикалық тапсырмалар жас мамандардың кәсіби әлеуетін ашуға ықпал етті.

Ал форумның екінші бөлігі табиғат аясында жалғасын тапты. Ертіс өзенінің жағасында ұйымдастырылған спорттық ойындар мен өнер сайысы жас ұстаздардың тек кәсіби тұрғыдан ғана емес, командалық рух, белсенділік және шығармашылық бағытта да бірлігін көрсетті.

Форумға Май ауданының білім беру бөлімінің басшысы Руслан Ерікұлы Еңсебаев қатысып, жас педагогтармен кездесіп, олардың алғашқы кәсіби қадамдарына қолдау білдірді.

«Жас ұстаздың бүгінгі ізденісі – ертеңгі білім сапасының негізі. Ұстаздық жолда әрдайым ізденіп, жаңашылдыққа ұмтылып, өз тәжірибелеріңізді үнемі жетілдіре беріңіздер», – деген мазмұнда жас мамандарға сәттілік тіледі.

VIII форум – тәжірибе мен жаңа идея тоғысқан, кәсіби дамуға серпін берген мазмұнды алаң болды.

Жас ұстазға қолдау – білім болашағына қолдау.

Алда талай белес, талай шәкірттің жүрегіне жол ашатын жарқын жол бар. Жас педагогтарға шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және ұстаздық жолда толағай жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий