TOU ЖӘНЕ ӘЗЕРБАЙЖАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Баку қаласына жұмыс сапары аясында Торайғыров университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Нұрлан Медетов Әзербайжан техникалық университетінің ректоры Вилаят Мамед оглы Велиевпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар металлургия және өнеркәсіп салаларындағы перспективалы ынтымақтастық бағыттарын, соның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу және қайта пайдалану мәселелері бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.
Сондай-ақ энергетика саласындағы өзара іс-қимылға, ақпараттық технологиялар мен цифрлық шешімдерді дамыту бағытындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі университеттің ғылыми және білім беру әлеуетін біріктірудің маңыздылығын атап өтіп, бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру, тәжірибе алмасу, сондай-ақ студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту жөнінде уағдаласты.
Загрузка...
