«ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КҮЗГІ АСАР» ҚАЛАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Павлодар  облысы Ақсу қаласында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Күзгі Асар» қалалық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Күзгі шеберхана» тақырыбындағы жәрмеңкеге мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, педагогтер мен ата-аналар белсенді қатысты.

Жәрмеңке – жай ғана қолөнер көрмесі емес, бала, ата-ана және педагогтің бірлескен еңбегін көрсететін шығармашылық алаңға айналды. Қатысушылар күзгі табиғаттың сыйларын пайдалана отырып, түрлі ерекше композициялар мен қолөнер бұйымдарын дайындады.

Әр жұмыстың артында баланың қиялы мен еңбегі, ата-ананың қолдауы және педагогтің шығармашылық идеясы жатыр. Осындай бірлескен жұмыстар балаларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа және шығармашылыққа баулиды.

ЖӘРМЕҢКЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

І орын

Мамельяеова Ирада — Ақжол орта мектебі

Сайдакова Марианна — «Ақсу» қаласының №10 сәбилер бақшасы

ІІ орын

Ердосова Милана — Лицей мектебі

Москаль Ростислав — Лицей мектебі

Кашкынбаева Мадина — Қалқаман орта мектебі

Баяхтарова Лия — «Ақсу» қаласының №24 сәбилер бақшасы

ІІІ орын

Малахов Тимур — Б. Момышұлы атындағы орта мектеп

Перницкий Ислам — Ю. Гагарин атындағы орта мектеп

Киргизбаева Адэль — Ю. Гагарин атындағы орта мектеп

Барит Ильяс — «Ақсу» қаласының №14 сәбилер бақшасы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбекке баулу – балаға жауапкершілік пен шығармашылықты қатар үйретудің маңызды жолы.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий