Өңірлік тренингтерден жүйелі шешімдерге дейін: GREEN SCIENCE KZ жобасының алғашқы кезеңінің қорытындысы

Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің М. А. Гендельман атындағы конференц-залында бүгін «Елді мекендерді ғылыми негізде көгалдандыру және ормандарды қалпына келтіру: ғылымның, мемлекеттің және жергілікті қауымдастықтардың рөлі» атты республикалық конференция ұйымдастырылып, “GREEN SCIENCE KZ» білім беру жобасының алғашқы кезеңінің қорытындысын шығарады. Жобаны Ботаника және фитоинтродукция институты Chevron компаниясымен серіктестікте, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен жүзеге асыруда.

«Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК бас директоры Гүлнара Токбергенқызы Ситпаева «Елді мекендерді ғылыми негізде көгалдандыру және ормандарды қалпына келтіру Қазақстанның өсімдік ресурстарын орнықты басқарудың негізі ретінде» тақырыбындағы баяндамасында мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы ғылымның рөлі; ағаш түрлерін таңдаудың ғылыми негіздемесі; елді мекендерді көгалдандыру мен ормандарды қалпына келтіру міндеттерінің айырмашылығы; ведомство аралық ынтымақтастықтың маңызы; институттың ғылыми әзірлемелерін кеңінен енгізу перспективалары туралы негізгі мәселелерді қозғаған болатын. GREEN SCIENCE KZ жобасының ғылыми жетекшісі Айнұр Есжанова GREEN SCIENCE KZ: жобаны іске асырудың бірінші жылғы қорытындылары бойынша жобаның негізгі нәтижелерні; білім беру іс-шараларын; әзірленген ғылыми ұсынымдар; өңірлік серіктестіктерді; пилоттық бастамаларды іске асыру; жобаны одан әрі дамыту жоспарларын сарапқа салды.

Chevron компаниясының әлеуметтік серіктестік жөніндегі аға кеңесшісі Ләйлә Жасұланқызы Айтмұханова мен AFoCO ұйымының Даму саласындағы ынтымақтастық бөлімінің директоры, Ph.D Ли Сонхан сөз сөйлесе «Орал ботаникалық бағы» қоры директорының орынбасары Роза Өмірзақова «Орал қаласын көгалдандырудағы ғылым мен муниципалитеттердің серіктестігі» тақырыбында осы өңірдегі ғылыми ұсынымдарды енгізудің практикалық тәжірибесін ортаға салды. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің өкілі «Өңірлерді ғылыми негізде көгалдандыруды ілгерілетудегі университеттердің рөлі» бойынша баяндама оқыды.

Айнұр Серікқызы Есжанова, Ботаника және фитоинтродукция институтының дендрология зертханасының меңгерушісі, GREEN SCIENCE KZ жобасының ғылыми жетекшісі «Ұлытау облысының тәжірибесі: пилоттық жобадан ормандарды қалпына келтірудің өңірлік үлгісіне дейін», Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO) Даму саласындағы ынтымақтастық бөлімінің директоры, Ph.D Ли Сонхан, AFoCO халықаралық воркшопы «Жергілікті қауымдастықтардың қатысуымен орман шаруашылығы кәсіпкерлігін дамыту» (Community-Based Forest Enterprise Development) бойынша және жиналған сала мамандары мен сарапшылар «Қазақстанда жергілікті қауымдастықтарды ормандарды қалпына келтіруге тарту үлгісін қалай кеңінен енгізуге болады?» ашық пікірталасқа қатысты.

Биыл осы жобаның аясында Орал, Атырау қалаларында және Ұлытау облысында мемлекеттік органдардың, көгалдандыру және орманды қалпына келтірумен айналысатын ұйымдардың, тәлімбақтардың, ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін білім беру және практикалық іс-шаралар өткізді. 

Жобаның негізгі міндеті — ғылыми білімді практикалық қолдануға қолжетімді ету және көгалдандыру мен орманды қалпына келтіру саласындағы шешімдердің климаттық жағдайларды, топырақ ерекшеліктерін, өсімдіктердің тұрақтылығын және көпжылдық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып қабылдануының маңыздылығын көрсету.

Отырғызылатын материалды таңдаудағы қателіктер мен дұрыс күтімнің болмауы өсімдіктердің қурауына, жасыл желектердің жоғалуына және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеледі. Сондықтан тұрақты көгалдадыру ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы құрылымдардың, бизнесті, тәлімбақтардың және халықтың бірлескен жұмысын талап етеді. Жоба аясында аймақтарда қандай жұмыстар атқарылды?

Орал және Атырау қалаларында Ботаника және фитоинтродукция институтының ғалымдары мамандарға Батыс Қазақстанның қуаң климаты жағдайында жасыл желектерді құру және күтіп-баптау бойынша ғылыми негізделген ағаш-бұта өсімдіктерінің ассортиментін және практикалық ұсынымдарды таныстырды. Семинарларға әкімдік, бейінді басқармалар, орман шаруашылықтары, тәлімбақтар, жобалау ұйымдары және көгалдандыру саласында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері қатысты.

Олар өңірдің және әр қаланың өсімдік жамылғысына жүргізілген көпжылдық зерттеулерге негізделген ұсынымдар алды. Барлық материалдар каталог түрінде басып шығарылып, мемлекеттік органдардың, жобалаушылардың, мердігер ұйымдардың және көгалдандыру саласының мамандарының пайдалануына берілді. Ұлытау облысында жоба жергілікті халықты орманды қалпына келтіруге қажетті отырғызу материалын өсіруге тартуға бағытталды.

Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылының тұрғындары мен мектеп оқушылары көшет өсірудің практикалық дағдыларын меңгерді, ал мектеп аумағында демонстрациялық тәлімбақ құрылды. Болашақта мұндай тәсіл шағын ауылдық тәлімбақтарды дамытуға, өңірді жергілікті жағдайларға бейімделген отырғызу материалымен қамтамасыз етуге және жергілікті тұрғындар үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға негіз бола алады.

Конференцияның негізгі тақырыптарының бірі — Ұлытау облысының тәжірибесі болды. Мұнда ауылдық тәлімбақтар құру және жергілікті тұрғындарды орманды қалпына келтіруге арналған көшеттерді өсіруге үйрету бойынша пилоттық бастама жүзеге асырылуда. Қатысушылар сондай-ақ халық өсірген отырғызу материалын орман шаруашылықтары сатып ала алуы үшін қандай құқықтық және экономикалық тетіктер қажет екенін талқылады.

Конференцияға Орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымы (AFoCO) Хатшылығының Даму мақсатындағы ынтымақтастық департаментінің директоры, доктор Seonghan Lee қатысты. Ол «Жергілікті қауымдастықтар негізінде орман шаруашылығын дамыту» тақырыбында халықаралық воркшоп өткізіп, халықты орманды қалпына келтіру жұмыстарына тарту, ауылдық тәлімбақтарды дамыту және қоғамдық бастамаларды мемлекеттік қолдау бағыттарындағы басқа елдердің тәжірибесімен таныстырды.

Бұл конференцияның мақсаты — атқарылған жұмыстың нәтижелерін республикалық деңгейде таныстыру, әзірленген ұсынымдардың практикалық маңызын талқылау, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерін оларды одан әрі енгізуге және ауқымын кеңейтуге тарту. Талқылаудың негізгі мәселелері: қалалар мен ауылдарды көгалдандыруды жоспарлау кезінде ғылыми әзірлемелерді қалай тиімді пайдалануға болады

Өсімдіктерді таңдау кезінде өңірлердің табиғи-климаттық жағдайларын қалай ескеру қажет; ғылым, мемлекеттік органдар, бизнес және жергілікті қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылды қалай жолға қоюға болады; ауылдық тәлімбақтарды қалай дамытуға және халықты отырғызу материалын өсіруге қалай тартуға болады; өңірлердегі табысты тәжірибелерді кеңінен енгізу үшін қандай ұйымдастырушылық және нормативтік тетіктер қажеттігі атап айтылды. 

Конференция қорытындысы бойынша елді мекендерді көгалдандыру мен орманды қалпына келтіруде ғылыми негізделген тәсілдерді енгізу, жергілікті жағдайларға бейімделген және жергілікті өсімдік түрлерін пайдалану, отырғызу материалын өсіру жүйесін дамыту, сондай-ақ ғылым, мемлекет, бизнес және жергілікті қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде ұсынымдар әзірленді. 

Конференцияға қатысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ғылыми әзірлемелердің Қазақстан қалаларын көгалдандыру мен ормандарды қалпына келтіру ісінде қалай қолданылуы мүмкін екені туралы ресми мәліметтер ұсынылды. Журналистерге ғалымдардан, мемлекеттік органдардың өкілдерінен, Chevron компаниясынан, жобаға өңірлерден қатысушылардан және AFoCO халықаралық сарапшысынан пікір алу мүмкіндігі ұсынылды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құрамындағы «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маркетинг және PR бөлімінің басшысы.Баян Коспенбетова ұсынған мәліметке сүйенсек шаруашылық жүргізу құқығындағы бұл іргелі ұжым 1932 жылы құрылған.

Институт қызметінің мақсаты — әлемдік ғылымның жетістіктерін ескере отырып, ботаника және фитоинтродукция салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу. Ботаника және фитоинтродукция институтында 11 ғылыми зертхана жұмыс істейді. Институт BR21882122 «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін жасыл өсу жағдайында тұрақты дамыту: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында (2023–2025 жылдар) Батыс Қазақстан қалаларын көгалдандыру жүйесінде пайдаланылатын ағаш-бұта өсімдіктерінің түрлік алуантүрлілігіне кешенді зерттеу жүргізді. www.botsad.kz

«Chevron» — әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Компания сенімді, қолжетімді және таза энергия прогресс үшін қажет деп есептейді. «Chevron» мұнай мен табиғи газ өндірумен, жанар-жағармай материалдарын, мұнай-химия өнімдері мен қоспаларды өндірумен айналысады, сондай-ақ өз бизнесі мен энергетика саласын дамытуға бағытталған технологияларды әзірлейді. Компания мұнай-газ бизнесін дамытуға, қызметінің көміртек сыйымдылығын төмендетуге және жаңартылатын отын өндіру, көміртекті ұстау және офсеттерді пайдалану, сондай-ақ сутегі мен басқа да инновациялық технологиялар сияқты төмен көміртекті бизнес бағыттарын дамытуға ұмтылады. www.chevron.com

Жоба туралы: «Green Science KZ» білім беру жобасы Қазақстанның ұлттық парктері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының (ЕҚТА) әлеуетін арттыруға, сондай-ақ биоалуантүрлілік пен климаттық тұрақтылықты арттыруға бағытталған ғылыми негізделген, тұрақты көгалдандыру тәжірибелерін енгізуге бағытталған. Жобаны Ботаника және фитоинтродукция институты Chevron компаниясымен серіктестікте жүзеге асыруда. Жоба 2026 жылғы қаңтарда Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында басталды және алдағы жылы жалғасын табады.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий