Астана қаласының №101 мектебі: Тұрақты даму саласындағы халықаралық Zayed Sustainability Prize 2027 сыйлығының финалына шықты
Астана қаласының №101 мектебі Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін тұрақты даму саласындағы халықаралық Zayed Sustainability Prize 2027 сыйлығының финалына шықты, – деп хабарлайды осы ұйымшыл үстаздар ұжымынан.
Сыйлыққа әлемнің 177 елінен барлық санаттар бойынша 10 233 өтінім түскен. Астана мектебі «Еуропа және Орталық Азия» өңірі бойынша «Орта мектептер» санатындағы финалистер қатарынан орын алып, жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, сыныптардағы ауа сапасын мониторингтеу жобасын ұсынды.
Финалист ретінде мектепке 25 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай қолдау қарастырылған. Ал жеңімпаз атанған жағдайда финалистке берілетін қаржылай қолдаудың орнына 150 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы беріледі. Жеңімпаздар келесі жыл,ы қаңтар айының 12-і күні Абу-Даби қаласында жарияланады.
Данияр ЕСКЕЛДІҰЛЫ
Загрузка...